Қымбатты қонақтар!

Артур Неупокоев
Корпоративтік сату дирекциясының корпоративтік блогына қош келдіңіздер!
Біз сіздерге біздің компания өмірінен алынған ең қызықты оқиғалары туралы айтуға қуаныштымыз, сіздердің ескертулеріңізді, ниет-тілектеріңізді және идеяларыңызды тыңдауға, сонымен қатар сіздерді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз.
Пікірлеріңізді асыға күтеміз!

Коммерциялық директор
Артур Неупокоев

SMS-хабарлама

Біз Дирекциямен ұсынылатын қызметтер спектрінің кеңейтіліп жатқандығын қуанышпен естеріңізге саламыз және бүгінгі таңда сіздерге жаңа қызмет – адрестік SMS-таратуды ұйымдастыруға арналған «SMS-хабарлама» қызметін пайдалануды қуана ұсынамыз.
Бүгінгі таңда SMS – маркетингтік коммуникацияны құру және өз клиенттерін адрестік ақпараттандырудың ең тиімді құралы болып табылады. Сіз SMS көмегімен өз клиенттеріңізді әртүрлі мерекелік акциялар, жеңілдіктер туралы ақпараттандыра аласыз, сондай-ақ туған күнімен құттықтай аласыз. SMS-хабарлама – сіздің клиенттермен жүз пайыздық байланысты кепілдендіреді, хабарлаудың аз шығынды және қарапайым жолы болып табылады.

Корпоративтік сату дирекциясының SMS тарату қызметін пайдалана отырып, сіздер:
- цифрлық нөмірден де, әріптік атаудан да тарату мүмкіндігін;
- сіздің клиенттік базаңыздағы барлық абоненттерге хабарламаны лезде адрестік жеткізу; – таратуды бақылау және кеңейтілген баптау мүмкіндігін;
- әрбір SMS-ті жіберу құнының айқындығын;
- деректер базасында сіздің серверлермен бірігу мүмкіндігін аласыздар.

Сіз жаңа қызметтер туралы толығырақ ақпаратты біздің www.online.kz корпоративтік сайтымыздан немесе сіздің дербес менеджеріңізге хабарласу арқылы ала аласыз.

«Инновациялық Қазақстан»

2011 жылы қыркүйек айында «Самұрық-Қазына» АҚ жастарға арналған «Инновациялық Қазақстан» республикалық идеялар конкурсының өткізілетіндігі туралы хабарлады. Аталған конкурсқа қатысу үшін 2313 өтінім жолданды, оның ішінен 20 үздік идеялар мен жобалар таңдалынды. Жеңімпаздардың қатарына «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату дирекциясының қызметкері – Маркетинг қызметінің жетекші маманы Марина Мешкова да кірді. Маринаның жобасы – «Әлеуметтік идеялар» номинациясындағы үздіктердің бірі болды, жоба тақырыбының («Қазақстан Республикасының балалары мен жасөспірімдерін Интернетте қаланбайтын контенттен әлеуметтік қорғау мақсатында «Ата-аналық бақылау» атты «Қазақтелеком» АҚ инновациялық қызметін енгізу») келешегі зор, ең бастысы бүгінгі таңдағы өзекті тақырып болып табылады және республикадағы жастардың қауіпсіздігі мен қарқынды даму мәселелерін қозғайды.
«Қазақтелеком» АҚ ұжымы Марина Мешкованы еңбек сіңірген марапатымен құттықтайды, біз аталған жоба – Қоғамның жаңа, заманауи, өзекті және прогрессивті идеяларын іске асырудың бастамасы екендігіне үміт артамыз.

4-тен 1 бет1234