23/11/2015

«Қазақтелеком» АҚ, заңды және жеке тұлғаларға 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап http://esf.gov.kz/ сайтында орналасқан «Шот – фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйесі» ( бұдан әрі – ЭШФ АЖ) арқылы электронды шот – фактураларды (бұдан әрі – ЭШФ) шығарып беруге ауысатындығы туралы хабарлайды.
Осы сайтта сондай-ақ жүйенің сипаттамасы және қолданушының нұсқаулары орналасқан.
ЭШФ АЖ тіркелу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында берілетін Ұлттық Куәландырушы Орталығының заңды және жеке тұлға сертификатын алу қажет.
Клиенттерге қолайлы болу үшін 2015 жылдың желтоқсан және 2016 жылдың қантар айларына шот – фактуралар клиенттерге электронды және қағаз түрінде беріледі. 2016 жылдың ақпан айынан бастап және одан кейінгі кезеңдерде шот – фактуралар тек ЭШФ АЖ электронды түрде ғана қолжетімді болады.

06/03/2013
Байланыстар

Орталық офис


Панфилов көшесі 129
Алматы қаласы, 050000

Тел.: +7 727 2585858
Факс: +7 727 2585855
E-Mail: info@csa.kz Аймақтық бөлімшелер