Жобалар

Келешегі мол жоба

«Қазақтелеком» АҚ КСД-мен Қазақстан Республикасы бойынша Тапсырыс берушінің қоңырауларға қызмет көрсету орталығына дейін «ХХХ» форматындағы бірегей қысқа қоңырау шалу нөмірі бойынша жоба іске асырылды. Тапсырыс берушілер – «Қазақтелеком» АҚ желісінің IP/MPLS базасында құрылған өзінің виртуальды корпоративтік желісі бар ірі мемлекеттік ұйымдар болып табылады.

Жобаның міндеттері

  • Қолданыстағы шешімдердің қызметтерін толық сақтау және қоңырау шалуды басқарудың бірегей жүйелерін ұйымдастыру;
  • Өтінімдерді өңдеудің территориялық бөлінген орталықтарын ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Тапсырыс берушілермен байланыс операторларына келесі талаптар алға тартылды:

  • Тұтынудың өсуіне сәйкес жүйелерді жедел масштабтау мүмкіндігі;
  • Қызметтердің оңтайлы қатысы;
  • Қосымша жиынтықтарды сатып алмастан, қолданыстағы жабдықтарды пайдалану;
  • Тәулік бойы техникалық қолдау 24/7.

Шешімнің сипаттамасы
Тапсырыс берушінің Call Center дейін қоңырау шалудың бірегей нөмірі қызметін ұсыну үшін Дирекциямен Тапсырыс берушінің қолданыстағы ресурстарын пайдалануға шешім қабыданды. – «Қазақтелеком» АҚ желісінің IP/MPLS базасында құрылған Тапсырыс берушінің IP VPN қолданыстағы желісі – көпшілік желілер тарапынан ведомстволық желілердің жабықтығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар сервистің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін барынша икемділікпен өзіне үйлестіреді.

Экономикалық тиімділікті есептеу және талқылу жүргізілгеннен кейін өтінімдерді өңдеудің территориялық бөлінген орталықтарын ұйымдастыру мақсатында Тапсырыс берушіге Тапсырыс берушінің Call Center –ден «Қазақтелеком» АҚ КСД SIP-торнамасына дейін (Broadworks) дыбыстық трафикті беру үшін базасында TCP/IP инфрақұрылымы бар Business Trunk қызметі ұсынылды. Тапсырыс берушіге ұсынылған Business Trunk арнасы өзіне бір уақытта 100 кіріс қоңырауларды іске асыруға мүмкіндік беретін 100 дауыстық арнаны қосады. Дыбыстық трафикті беру үшін Тапсырыс берушінің қолданыстағы физикалық арнасында офиске дейін қосымша VLAN құрумен жеке VPN SIP арнасы ұйымдастырылған. Сөйлеу деректерінің басымдылығымен бөлінген SIP_VPN пайдалану – дауысты таратудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Тапсырыс берушінің Орталық офисінде Тапсырыс берушінің Call Center қосылатын Ethernet портқа сәйкес жабдық орнатылады. Тапсырыс берушінің Call Center -ін ІР желіге қосу жылдамдығы желілердің санына байланысты және 7 Мбит/c құрайды.

Әрқайсысында виртуальды бір арналы нөмірі бар 298 аудан, 2 арналы нөмірмен 13 облыс орталықтары, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында 4 арналы нөмірмен қамтамасыз етілді. Облыс және аудан орталықтарының кез келген нөмірінен «ХХХ» форматындағы қысқа нөмірді теру барысында, қоңыраулар жергілікті АТС-ке бағытталады, бұл жерде аталған нөмір қайда және SIP-торнамасы нөмірлерінің пулына жататындығы анықталады, сонымен қатар қоңыраулар қайта бағытталады. Өз кезегінде, SIP-торнамада Астана қ. бірегей қысқа нөіміріне жолданатын барлық кіріс қоңырауларды қайта адрестеу орналыған.

Нәтиже
Қосу сұлбасын әзірлеу барысында бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша қоңырау шалудың бірегей нөмірімен әлеуетті Call center ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Түпкілікті пайдаланушы 298 аудандық орталықтың , 13 облыс орталықтары және Астана, Алматы, Қарағанды қалаларындағы желілердің кез келген нөмірінен қалалық қысқа нөмірді тере отырып Астана қ. Тапсырыс берушінің контакт-орталығының бірегей нөміріне тегін қоңырау шала алады. Операторлар арасындағы қоңырауларды таратуды Тапсырыс берушінің жабдығы орындайды (Call Center).

«Инновациялық жоба»

2011 жылдың басында «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік  сату дирекциясы – нарықта 7-ші қысқы Азия ойындары іс-шараларын бейне трансляциялауды ұйымдастыру аясында деректерді тарату қызметтері саласында (дауыс, бейне және т.б.) бірегей/инновациялық шешімдерді көрсетті.

Жобаның міндеттері
Жобаның басты міндеті – «Алматы Таэурс» бизнес орталығында IGBS компаниясының халықаралық хабарлау орталығынан берілетін бейнеконтентті таратуды қамтамасыз етуге бағытталады. Пайдаланылған байланыс арналарының өзіндік ерекшеліктері – бізге берілетін ақпараттар түрінде, атап айтқанда, жоғары айқындықты бейне ағындары түрінде белгіленді. Клиенттің міндеттері – «Қазақтелеком» АҚ инфрақұрылымдарын пайдаланумен үшінші тарапта алынатын бейне ағындарды қайта трансляциялауға бағытталды.

Тапсырыс берушілермен байланыс қызметтерін жеткізушілерге келесі талаптар алға тартылды:

  • Көп мекежайлық хабарлау – бір немесе одан да көп дереккөздерден көптеген алушыларға бейне контентті тарату;
  • Бейнені басқару үшін операторлық кластағы арнайы торнамаларды пайдалану;
  • MPEG-4 форматындағы жоғары айқындылықпен бейнені тарату (мұндай сапамен бір бейне арна үшін 4 Мбит/с кем емес өткізу жолағы талап етіледі;
  • Ірі және сенімділігі жоғары байланыс арналарын құру;
  • Жоғары мамандандырылған және жедел техникалық қолдау 24/7.

Шешімнің сипаты
Клиенттің алға қойған міндеттерінің шешімі ретінде Корпоративтік сату дирекциясымен бейне көріністі таратуды ұйымдастыру, сонымен қатар Multicast VPN қызметі деректерді тарату аясында инновациялық шешімдерді пайдаланумен «Қазақтелеком» АҚ КСД арналары бойынша шынайы уақыт режимінде дауыстық трафикті ұйымдастыру ұсынылды. Қызмет – бір немесе бірнеше деркккөздерден бірнеше алушыға трафикті тарату үшін транспорттық ортаны ұйымдастыруды көздейді.

Трафикті тарату екі жеке-жеке алынған нүктелердің арасында іске асырылатын IP VPN қолданыстағы қызметінен айырмашылығы – Multicast VPN қызметінде жеке алынған дереккөзден бірнеше пайдаланушыға сол бір ақпаратты жеткізу қызметтері пайдаланылатын трафикті таратудағы технология пайдаланылады. Барлық алушылар сол уақытта бірдей дабылды, қарапайым теледидардан алады.  Желілік инфрақұрылымдар ретінде, міндеттердің барлық ауқымдылығын және салмақтылығын есекере отырып, «Қазақтелеком» АҚ КСД клиентке «қара талшықтарды» пайдалануды ұсынды, яғни резерв ретінде салынған пайдаланылмайтын  оптикалық кәбілдердің сымдары – негізгі талшықтар істен шыққан жағдайға қойылады.
Арнайы жабдықтар мен әртүрлі жүйелерді, қажетті инфрақұрылымдарды құру мен тестілеу бойынша салмақты  жұмыстар  жүргізілгеннен кейін, қызмет пайдалануға дайын болды.

Нәтиже
Жобаны іске асырудың сәтті нәтижелерінің көрсеткіші – 7-ші қысқы Азия ойындары іс-шарасын күнделікті, үздіксіз, жоғары сапалы трансляциялау болып табылды.

Түпкілікті көрермендер дәстүрлі телевидениялардың телеарналарынан көру барысында бейне суреттердің сапасымен алыстыруға келмейтін өз теледидарларының экранынан жоғары сапалы бейнекөріністерді шынайы уақыт режимінде ала отырып, сайыстың барысын көріп отыра алды.

Провайдер инфрақұрылымдарының үздіксіз жұмыстары – жоғары мамандандырылған және провайдерлерді жедел техникалық қолдау арқылы қамтамасыз етілді.

«Қазақтелеком» АҚ тарамдалған телекоммуникциялық инфрақұрылымдарға ие, сонымен қатар ІР телевидения қызметтерінің болашақтағы ірі провайдері бола отырып, бірегей шешімнің жоғары білікті және сенімді жеткізушісі бола білді.