Компаниядағы мансап

Бірлескен еңбек –адам бойындағы жалғыз өзі қол жеткізе бермейтін тылсым  құдіреттің ұшқынын  жалындата алады.
Ральф Эмерсон

Корпоративтік сату дирекциясының ауқымды жоспарларын сәтті іске асырудың негізі – жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті және бастамашыл бола білетін, жеке өсуге және нәтижеге бағытталған кәсіби мамандардың бірлескен командасы болып табылады. Біздің компания қызметкерлердің бірегей жұмыс тәжірибесін алуы, қызметтерін қалыптастыруы, жеке дамуы үшін тамаша мүмкіндікті ұсынады.  Біз жұмыстың сәйкес талаптарының, қиын да қызықты міндеттері мен әлеуметтік пакетінің арқасында, қызметкерлердің тұрақтылық пен қорғанысты сезінулеріне талпынамыз. Жаңа қызметкердің жұмысының бірінші күнінен бастап компания оның қызметтік өсуіне торнаманы қалыптастырады, сынақ мерзімі кезеңінде тәлімгер мен жаңа қызметкер бірлесе отырып, дамудың жеке жоспарын құрады, сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін қызметкер дамудың жеке жоспарын құрады, қажет болған жағдайда біліктілігін арттыру үшін курстарға жіберіледі.