ID Phone

ID Phone – ІР-желілер/деректерді тарату желілері базасында сервистер мүмкіндігімен дәстүрлі телефон байланысының қасиеттерін өзіне үйлестіретін қызмет. «KazakhstanOnline» дәстүрлі телефониясындағыдай аталған қызмет жергілікті, қалааралық және халықаралық дауыстық байланыс сапасының ажырамас деңгейін, сонымен қатар тікелей қалалық нөмірлерді сипаттайды.

IP –желісі базасындағы сервис ретінде,  аталған қызмет дәстүрлі байланыстың мүмкіндігі жоқ болған жерлерде қосымша телефон желіжолын ұсыну мүмкіндігі сияқты, жоғары қолайлылық және қосымша мүмкіндіктерімен, сонымен қатар виртуальды офистік стансаның ( Hosted PBX ) болуымен сипатталады.

Қызметтің ерекшелігі:
• офистік кіші-АТС мүмкіндіктеріне ие, сонымен қатар оларды пайдалану шығындарын қысқартады
• ҚР террториясы бойынша бірыңғай нөмірленген жоспарды қолдайды (тікелей қалалық және қысқа ішкі нөмірлер)
• нөмірленуді сақтаумен жаңа мекенжай бойынша телефон байланысын жылдам  ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
• компьютерлік және телефон желілерін бір бүтін аяға байланыстыратын қосымша қызметтердің кеңейтілген спектрін өзіне қосады.

Телефон байланысының жаңа нұсқасы ретінде, аталған қызмет – тиімді тариф бойынша әртүрлі көлемдегі пакеттерге қалыптастырылған дауыстық трафик пен сіздің компанияңыздың аясында шексіз қалааралық байланысты өзіне қосатын жетілдірілген тарифтік жүйені ұстанады.

Абоненттік терминал ретінде біз сізге жалға ұсынуға дайын SIP қолдайтын телефондар пайдаланылады.

Мұндай телефон байланысын пайдаланатын деректерді тарату ортасы тегін, дауыстық байланыстың жоғары сапасын қолдау үшін трафик басымдылығын қажетті деңгейге дейін қамтамасыз етеді.

Қызметтің артықшылығы

  • Тиімді тариф бойынша кез келген бағытқа дауыстық байланыстың жоғары сапасы
  • Қосымша қызметтердің кеңейтілген спектрі, тәулік бойы техникалық қолдау
  • Бірегей виртуальды офистік станса: офистік кіші АТС-ті орнату және пайдалануды үнемдеу, офистік станцияны орталықтандырылған басқару, офистік бағдарламалық қосымшалармен біріктіру
  • ҚР территориясы бойынша бірегей нөмірлік жоспар
  • Қызметтерді ұйымдастырудың жеңілдігі және тездігі
  • Сөйлесулердің жоғары қауіпсіздігі мен құпиялылығы
  • Масштабталуы – телефон желіжолдарының санын көбейту мүмкіндігі.