IPVPN және Интернет арналарын резервтеу

IPVPN және Интернетке қатынауды резервтеу
IPVPN және Интернетке қатынауды резервтеу қызметі – IPVPN және Интернетке қатынау қызметтеріне қосылу сенімділігін арттырады.

Сервистік шекара жабдықтарында, қатынау жабдықтарында, «соңғы миляда» физикалық байланыс желіжолдарының деңгейінде (мыс және оптикалық желіжолдар), сонымен қатар «Қазақтелеком» АҚ желі ядросының деңгейінде резервтеу жолымен жоғары сенімдікке қол жеткізіледі.

Резервтеу қызметінің пакеттері
Қосу сенімділігінің қажетті деңгейіне байланысты IPVPN және Интернетке қатынау қызметтерін ұсыну барысында «Қазақтелеком» АҚ желілерінің әртүрлі сигменттері резевтеледі. Өнім-каталогы аясында әртүрлі резервтеу деңгейімен пакеттердің 4 типі қарастырылады:

• «Желіжол» пакеті
• «Торап» пакеті
• «Сервис» пакеті
• «Магистраль» пакеті

«Желіжол» пакеті
Желіжол пакетінде

Желіжол пакетінде «Қазақтелеком» АҚ қатынау жабдықтарынан абоненттің терминалдық құрылғысына (DSL-модем, клиенттік маршруттағыш, коммутатор, оптикалық конвертер) «соңғы миляда» физикалық байланыс желіжолдары (мыс немесе оптикалық) резервтеледі. Қосу – «Қазақтелеком» АҚ қатынау жабдықтарынан абоненттің терминалдық құрылғысына «соңғы миляда» физикалық байланыс желіжолдарының үзілуінен қорғалады.

«Торап» пакеті
«Торап» пакетінде клиенттік жабдық қосылатын деректерді тарату тораптары резервтеледі.

Әртүрлі физикалық байланыс желіжолдары әртүрлі қатынау жабдықтарына қосылады (DSLAM, коммутатор). Қосу – қосу торабының бас тартуынан, физикалық байланыс желіжолдарының үзілуінен қорғалады. Негізгі және резевтік арна коммутация желілерінің әртүрлі сигменттері бойынша коммутацияланады.

«Сервис» пакеті
«Сервис» пакетінде – клиенттік қосу терминалданатын сервистік РЕ маршруттағышы резервтеледі. Әртүрлі физикалық байланыс желіжолдары

әртүрлі қатынау жабдықтарына қосылады (DSLAM, коммутатор), сонымен қатар сервистік РЕ маршруттағыштарында терминалданады.
Қосу – қосу торабының бас тартуынан (қатынау жабдықтарынан), клиенттік қосу терминалданатын сервистік маршруттағыштың бас тартуынан және  физикалық байланыс желіжолдарының үзілуінен қорғалады

«Магистраль» пакеті
«Магистраль» пакеті – клиентке магистральды желі құрылғылары мен байланыстың магистральды арналарын резерстеу талап етілген жағдайда ұсынылады.   Резервтеудің бұл типі сенімділік деңгейі бойынша екі әртүрлі тәуелсіз байланыс операторларының деректерді тарату желісіне қосуға эквивалентті.
MPLS-коммутация домені (P-маршруттағышы), сервистік маршруттағышы (PE-маршруттағышы), қосу нүктесі («соңғы миляда» физикалық байланыс желіжолдары мен қатынау жабдықтары) резервтеледі.