Корпоративтік желіге қашықтан қатынау

Корпоративтік желіге қорғалған қатынау қызметінің негізі «Қазақтелеком» АҚ КСД желілік шешімдер базасында қаланды.  «Қазақтелеком» АҚ КСД корпоративтік желісіне қашықтан қорғалған қатынау – бұл басқарудың қарапайымдылығы, экономикалық тиімді шешім және ғаламдық қамту. «Қазақтелеком» АҚ КСД қашықтан қатынаумен сіз әлемнің кез келген нүктесінен тәуліктің кез келген уақытында корпоративтік желіге қорғалған қатынауды ала аласыз. Әлемде саяхат жасап жүргендігіне, іссапарда жүргендігіне немесе үйде жұмыс істеп отырғандығына қарамастан қызметкерлер мен қашықтан қосылған офистер Интернет желісі арқылы IPSec қауіпсіз туннелін орната отырып, корпоративтік желіге қатынай алады.

«Қазақтелеком» АҚ КСД сізге үздік таңдау үшін корпоративтік желіге қашықтан қатынау қызметінің екі түрін ұсынады:

• ұтқыр – софталық клиент, ұтқыр/қашықтан қосылған қызметкерлердің компьютерлері немесе ноутбуктеріне орнатылады;

• қашықтан – қашықтан қосылатын офисті қосуға арналған шешім.

«Қазақтелеком» АҚ КСД ұтқыр қатынауынан сіз:

• қызметкерлердің ұтқырлығын арттырасыз,бұл шешім қабылдауды жеделдетуге оң әсерін тигізеді;
• әлемнің кез келген нүктесінен тәуліктің кез келген уақытында корпоративтік ақпараттарды алуға қол жеткізе аласыз;

• Интернет желісі бойынша шифрленген IPSec қауіпсіз туннелі арқылы  корпоративтік жүйелерге қауіпсіз қатынай аласыз.