Деректерді сақтау

«Деректерді сақтау жүйесі» қызметі – дискілік кеңістікті жалға беру және екі нұсқада ұсынылуы мүмкін қашықтан қосылған файл-серверді бөлуді болжайды:

• «қатты дискіні» ұсыну –iSCSI және FC протоколдары бойынша қосу;
• қашықтан қосылған файлдық кеңістік (директория) –  NFS және CIFS протоколдары бойынша беру».

Жүйе бизнес-үдерістің үздіксіздігін және ақпараттарды қаскүнемдердің әрекеттерінен, табиғи және техногендік апаттардан қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл технологиялар қаржы құрылымдарымен, мемлекеттік ұйымдармен, транспорттық компаниялармен және мұнайгаз кешені кәсіпорындарымен белсенді пайдаланылады.

Деректерді резервтеу бойынша КСД шешімі әрбір тапсырыс берушінің бизнес ерекшелігін ескере отырып әзірленеді, алайда көпшілік жағдайда келесі міндеттерді шеше отырып, келесі талаптарға жауап береді:

– корпоративтік ақпараттардың сақталуы мен бүтіндігі;
– пайдаланушылар мен бизнес-қосымшалар үшін деректерге тұрақты қол жеткізу;
– кәсіпорынның қызметтерін тоқтатусыз деректер және қосымшалармен жұмысты қалпына келтіру;
– деректерді өңдеудің негізгі және резервтік орталықтарын қашықтан мониторингтеу мүмкіндігі.

Деректерді сақтаудың резервтік қызметтерін ұйымдастыру барысында клиенттің ІТ-инфрақұрылымдарын және ресурстарын алдын ала талдау жүргізіледі, нәтижесінде көрсетілетін қызметтің ерекшелігі анықталады.  Клиент желісі құрылымының таратылуы сияқты ерекшеліктері резервтік көшірмелеу жолымен қорғалуға жататын пайдаланылатын қосымшалар, деректердің көлемі ескеріледі. Шешімде серверде бағдарламалық қамтамасыз етуді толық қайта орнату жағдайында деректерді қалпына келтіру қажеттілігі ескеріледі. Қайта қалпына келтірудің автоматты жоспары жүйені қалпына келтіруге кететін уақытты азайтады.

Қызметтің негізгі артықшылықтары:
• Икемді баптау — резервтік көшірмелеу операциясын жүргізу типі мен уақыты бойынша әртүрлі параметрлерді енгізу;
• Резервтік көшірмелеудің оңтайлы кестесі — серверлер мен байланыс арналарының ағымдағы жүктелуін есепке алу, жүйені қалпына келтірудің қолайлы уақытын қамтамасыз ету;
• Пайдаланушыларды сөндірмей және қызметтер, серверлерді тоқтатусыз «Online» режимінде резервтік көшірмелеуді жүргізу;
• Болуы ықтимал тоқтаулардан деректерді қорғау;
• Тоқтап қалған жағдайда кідіріс уақытын азайту;
• Деректерді сақтау жүйесін оңтайлы пайдалану;
• Клиенттің міндеттеріне байланысты деректерді сақтау бойынша тапсырмаларды баптау;
• Клиенттің ИТ-бөлімшелері тарапынан қосымша шығындарсыз жаңа деректерді қорғау үшін жаңа серверлер мен жұмыс стансаларын қосымша қосу.