xDSL

хDSL (digitalsubscriberline, цифрлық абоненттік желіжол) – дабылды цифрлық өңдеу әдістері мен қоғамдық пайдаланатын телефон микроэлетрониканың заманауи жетістіктерінің негізінде желіжолдардың бұрмалануын түзетудің бейімделген әдістерін мен тиімді желіжол қодтарын пайдалану арқылы желілерінің абоненттің желіжолдарының өткізу қабілеттігін мейлінше арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы.

xDSL аббревиатурасында «х» символы нақты технология атауында бірінші символды білдіру үшін қолданылады, DSL абоненттік цифрлық желіжол DSL DSL (ағылш. Digital Subscriber Line— цифрлық абоненттік желіжол) білдіреді. хDSL технологиясы ең үздік ұқсас және цифрлық модемдерге қолжетімді жылдамдықтан мейлінше артық жылдамдықпен деректерді таратуға мүмкіндік береді.

Бұл технологиялар дауысты беруді, видеодабылдар мен жоғары жылдамдықты деректерді таратуды қолдайды, сонымен қатар провайдерлер үшін де, абоненттер үшін де барынша артықшылықты қалыптастырады.  Көптеген хDSL технологиялары бір және сол мыс жұп бойынша дауысты беру және жоғары жылдамдықты деректерді таратуды қоса орындауға м.мкіндік береді. хDSL технологиясының қолданыстағы типі негізінен деректерді тарату жылдамдығы мен пайдаланылатын модуляция үлгісі бойынша ажыратылады. хDSL негізгі типіне ADSL, HDSL, IDSL, MSDSL, PDSL, RADSL, SDSL, SHDSL, UADSL, VDSL жатады.