CDMA EV-DO

EV-DO (Evolution-DataOnly) – CDMA стандартындағы ұялы байланыс желілерінде пайдаланылатын (3G) деректерді тарату технологиясы.

Аталған технология – арнаның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін

Беімделген модуляцияны пайдалану арқылы деректерді таратуды жетілдіру мақсатында құрылды.

Rev. C таңбалануын алған EV-DO технологиясы – CDMA, TDM, OFDM, Multiple Input Multiple Output (MIMO) және Space Division Multiple Access (SDMA) сияқты ұтқыр технологияларды өзіне біріктіреді.

Тікелей арнада TDMA (GSM сияқты) абоненттерін уақытша бөлу технологиясы пайдаланылады. Уақытша бөлу технологиясы пакеттік деректерді тарату үшін ең тиімді жолмен сәйкес келеді. Сонымен қатар, тікелей арнада EV-DO стандартында абоненттік ақпараттар берілетін әрқайсысының ұзақтығы 1,67 мс болатын 16 таймслоттар пайдаланылады. Яғни, уақыттың қандай да бір сәтінде бір абоненттің ақпараты беріледі. Бұл әрбір нақты абонент үшін таратқыштың толық қуатын бөлуге мүмкіндік береді.

Тікелей арнада қуатты бақылаудың қажеттілігі жоқ. Сәйкесінше, тікелей арнада ішкі соттар интерференциясының дереккөзі жоқ, тек көрші соттардың ғана жаңғырығы болады. Берілетін ақпараттың типіне байланысты бейімделген модуляция пайдаланылады. Тікелей арнада қолданылатын модуляция типіне деректерді тарату жылдамдығы байланысты болады. Жүйе интерфейстің жағдайын, кодталатын пакеттердің көлемін бағалайды және осыған сәйкес модуляциялау түрін тағайындайды.