VSAT

VSAT (VerySmallApertureTerminal) – кіші жерсеріктік жерүсті стансасы, яғни кіші антенналы терминал (2.5 метрден кіші), жерсеріктік байланыста 90-жылдардың басынан бастап пайдаланылып келеді. Халықаралық классификация бойынша VSAT-қа 2,5 метрден кем антенналы жерсеріктік стансалар жатады. VSAT екі негізгі бөліктен тұрады, ODU (OutDoorUnit) – сыртқы блок, яғни антенна және қабылдағыш-таратқыш және IDU (InDoorUnit) – ішкі блок немесе жерсеріктік модем. Сыртқы орнату блогы (ODU) – концентраторға беретін жіне одан радиодабылдар модулденген жерсерік арқылы алатын антенналар фокусінде орнатылатын сыртқы блок.   Ішкі блок (IDU) телефон, компьютерлік желілер, ДК, ТВ және т.б. сияқты жерсерікте жергілікті құрылғылар мен ұқсас коммуникациялардың ортасынан өтетін ақпараттарды қайта құратын кішкентай үстелге арналға құрылғыны өзіне үйлестіреді. Қайта құрудың негізгі бағдарламаларына қосымша ретінде, IDU қауіпсіздік, желілерді жеделдету және басқа да құрамдар сияқты қосымша қызметтерге ие болуы мүмкін.

VSAT базасында жерсеріктік байланыс желісі өзіне негізгі үш элементті қосады: орталық жер стансасы, жерсерік-ретранслятор және абоненттік VSAT терминалдары. Заманауи VSAT 4 Мбит/c-е дейінгі жылдамдықта (мультикаст режимінде 30 Мбит/c-ке дейін) VSAT пайдаланушысының ақпаратты алуын және 1..2 Мбит/с-ке дейін ақпаратты беруді қамтамасыз етеді. Заманауи VSAT бір және бірнеше Ethernet порттар мен маршруттағыштың орнатылған қызметтеріне ие. Кейбір моделдер кеңейту арқылы 1-4 телефон порттарымен жабдықталуы мүмкін.