WiBAS

WiBAS (Wireless INTRACOM BroadbandAccessSystems).- филиалдардың географиялық таратылған желілері бар клиенттер немесе техникалық мүмкіндігі жоқ аймақтарда орналасқан офистері бар клиенттерге WiBAS-2X технологиясы бойынша сымсыз қатынау жүйелері арқылы телекоммуникация қызметтеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған керемет шешім.

WiBAS-2X торнамасы – бұл корпоративтік клиенттерге жоғары сапалы деректерді тарату қызметін ұсыну үшін әзірленген «нүкте-көп нүкте» типіндегі бекітілген кеңжолақты сымсыз радиоқатынау жүйесі.

Осы технологияның негізінде IEEE 802.16 протоколы жатыр, мұның басқа радиоқатынау технологияларынан айырмашылығы объектінің тікелей көрінуінсіз үлкен қашықтықтағы жоғары жылдамдықты қатынауды қамтамасыз етеді. Технология кез келген жағдайда, атап айтқанда, деректерді тарату жылдамдығы мен жоғары байланыс сапасын қамтамасыз ете отырып, тығыз орналасқан қала құрылысы жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Пакеттік деректерді тарату технлогиясы негізінде сымсыз кеңжолақты байланысты жаңа буыны жүйесі – клиентте базалық стансадар 5 км. артық қамту аймағымен монопольды режимде 135 Мбит/с-ке дейінгі жылдамдықты қамтамасыз ете алады.