PON

PON (Passiveopticalnetwork) – пассивті оптикалық желі, пассивті оптикалық желі технологисы. PON қатынаудың таратушы желілері – тораптардағы пассивті оптикалық таратушыларымен ағаш тәрізді талшықты-кәбілдік архитектура негізінде пайда болды, ақпараттарды кеңжолақты таратуды қамтамасыз етудің тиімді әдісін ұсынады. Сонымен қатар, PON архитектурасы абоненттік қазіргі сәттегі және болашақтағы қажеттіліктеріне байланысты өткізу қабілеттілігі мен желі тораптарын қажетті тиімді ұзарта алады.

PON архитектурасының негізгі идеясы – көптеген ONT (optical line terminal) абоненттік құрылғыларына (optical network terminal) ақпараттарды тарату және олардан ақпараттарды қабылдау үшін бір қабылдағыш-таратқыш модулін пайдалану.

OLT бір қабылдағыш-таратқыш модуліне қосылған абоненттік тораптың саны қабылдағыш-таратқыш аппаратурасының қаншалықты ең жоғарғы жылдамдығы және қуаттылық бюджеті рұқсат етілсе, соншалықты көп болуы мүмкін. OLT-дан ONT-ға ақпараттар ағынын беру үшін  – ережеге сәйкес тікелей ағынның (шығыс емес) 1490 нм. толқын ұзындығы пайдаланылады.

Керісінше, әртүрлі абоненттік тораптардан орталық торапқа деректер ағыны бірлесіп кері ағынды түзетін (шығыс) ағын 1310 нм. толқын ұзындығында беріледі. Телевидение дабылдарын беру үшін 1550 нм. толық ұзындығы пайдаланылады. OLT және ONT –де кіріс және шығыс ағындарды ажырататын WDM мультиплексоры орнатылған.