FTTx

FTTx (fiber to the x) – Х нүктесіне дейінгі оптикалық талшық, бұл байланыс торабынан белгілі орынға дейін (Х нүктесі), бұдан әрі абонентке дейін – мыс кәбіл (оптика абоненттік құрылғыға дейін тікелей салынатын нұсқа болуы да мүмкін) талшықты-оптикалық кәбіл жүргізілетін кез келген телекоммуникация желілері үшін жалпы термин. Осылайша, FTTx — бұл тек физикалық деңгей.

Алайда, аталған түсінік фактілі технологиялық арналар мен желілк деңгейдің көпшілігін қамтиды. Кең жолақты FTTx жүйесі жаңа қызметтердің көптеген санын ұсыну мүмкіндігімен тығыз байланысты.

FTTx тобына архитектураның әртүрлі түрлері кіреді:
FTTN (Fiber to the Node) – желілік торапқа дейінгі талшық;
FTTC (Fiber to the Curb) – ықшам ауданға, кварталға немесе үйлер тобына дейінгі талшық;
FTTB (Fiber to the Building) – ғимаратқа дейінгі талшық;
FTTH (Fiber to the Home) – тұрғындарға дейінгі талшық (пәтерлер немесе жеке коттедждер).

Олар ең бастығыс, пайдаланушы терминалына оптикалық кәбілдің қаншалықты жақын екендігімен ерекшеленеді.